Bloomzed Profit Finance Day 2021 конференциясына қатысты

Bloomzed Profit Finance Day 2021 конференциясына қатысты

 

 

Пандемия, қаржы нарығындағы дағдарыс, қаржы технологияларының қысымы - осы түйткіл мәселелер қазақстандық жыл сайынғы мамандандырылған Profit Finance Day 2021 конференциясының биылғы жылғы тақырыбының өзегі болды.

Қатысушылар мен сарапшылар жаңаша шынайы өмір жағдайларында қаржы әлеміне басқаша қалай әрекет етіп, бой көтеруге, қазіргі жаңа ағым ен бет алысқа көзқарасты қалай өзгертуге тура келгенін тілге тиек етті.

Конференцияда Bloomzed компаниясының бас директоры Олег Чан белсенді түрде қатысты. Ол біздің компаниямыз белсенді түрде дамытып отырған экожүйе мен мобильді қосымша туралы баяндады:

«Біз кез келген банктік картаны қосу және 5000-нан астам қызмет түрін төлеу мүмкіндігін беретін электронды төлем жүйесі болып табыламыз. Қазіргі кезде біз B2B бағытын қарқынды дамытудамыз. Заңды тұлғалар онлайн бухгалтериясы және өзге де көптеген қызмет түрлері орнатылған В2В кабинетте электрондық ақшаның көмегімен 24/7 режимде толыққанды есеп-айырысу және барлық стандартты операцияларды жүргізе алады..

Біз құрып отырған жүйе ерекшеліктерінің бірі оның ашықтығында. Егер сіздің сервистер жұмысқа қабілетті болса, масштабтауға дайын болса, табысты кейс және жинақталған клиенттік база бар болса, біз оны өз экожүйемізге интеграциялауға және өзіміздің тұтынушыларымызбен бөлісуге дайынбыз».

Мұнымен қоса Олег Чен Bloomzed компаниясының басқа жобаларын да таныстырды: тауарларды 95% жеңілдікпен сатып алуға тамаша мүмкіндік беретін бірегей аукциондық маркетплейс 100za5.kz; өз клиенттерінің уақытын үнемдейтін және олардың денсаулығына қамқор болатын paqpax.kz жазылу бойынша тауарлар сервисі; Bloomzed Stars Awards сыйлығы - ауқымды мәдени іс-шара.

Конференцияға қатысушылар 100za5.kz тиімді сатып алу клубына тіркелуге 50% жеңілдікпен арнайы промо-кодты пайдалана алады.