Народ выбирает лучших

Халық таңдаған үздіктер

 

  
 

 

Қазақстанда Bloomzed Stars Awards елдің ойын-сауық индустриясында “Үздікті” анықтау үшін жыл сайынғы Халықтық премияны алғаш рет іске қоспақ. Бұл ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін екі компанияның бірлескен жобасы.

Жобаның ресми басталуы 2021 жылдың 1 тамызына белгіленген, ал дауыс беру науқанының өзі 12 ай бойы жүргізіледі. Күн, сағат, минут және секундтағы кері уақыт санағы nominant.bsa.asia алаңында басталып та кетті.

Бұл ерекше премияның құрылтайшысы электрондық ақшалар жүйесі - Bloomzed компаниясы болып табылады.

Жобаны ұйымдастырушы – маркетинг және жарнама саласында заманауи технологияларды әзірлеу және енгізу жөніндегі Roqet Lab агенттігі.


Жыл таңдауы

Бұл ерекше марапаттың басты мақсаты – демократиялық дауыс беру арқылы Қазақстанның ойын-сауық индустриясындағы үздікті таңдау. Ұйымдастырушыларға жұлдыздар мен олардың жанкүйерлері қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін жайлы кеңістік құру үшін қоғамдық пікірді жандандыру маңызды.

Сіз өз дауысыңызды Bloomzed қосымшасы арқылы ғана бере аласыз. Ең ерекше, талантты, креативті, өршіл жандар үшін үш категория бойынша дауыс беруге болады:

- «Шоу-бизнес»,

- «ТВ және киноиндустрия»,

- «Интернет жұлдыздары».


Жобаның ерекшелігі кез келген адам премиядан үміткер бола алады. Ол үшін бір ғана шартты орындау қажет: әлеуметтік желілердің бірінде Facebook, Instagram, Tik-Tok, YouTube жазылушыларының саны 3 мыңнан асуы керек.

Мұндай қатысу не береді? Біріншіден көп шығын жұмсамай-ақ өз аудиториясын кеңейту. Екіншіден, журналистер “көздеген” сүйікті нысан болу.Үшіншіден, әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралымға қол жеткізу. Ең ақырғысы, жоба шығармашыл тұлғалармен, демеушілермен, жарнама берушілермен ынтымақтасу, сондай-ақ реалити-шоулар мен түрлі жобаларға қатысу үшін керемет мүмкіндік береді

Жоба ұрандарының бірі: «Өзіңді бүкіл Қазақстанға таныт. Үздік бол!».

Өтініш тастау үшін, сондай-ақ өз кумиріңе дауыс беру үшін сілтеме немесе дербес QR-код бойынша қосымшаға өту қажет. Номинацияда нақты кандидатура үшін тәулігіне бір рет қана дауыс беруге болады. Премия ұйымдастырушылар мұндай алгоритм барлық қатысушылардың мүмкіндіктерін теңестіруге ықпал етеді деген сенімде.


Премиядан да артық

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл халықтық премияны табыстау әсіресе қазіргі кезде маңызды. Себебі адамдар коронавирус індеті, карантин және онлайн іс-шара айналасындағы созылып кеткен жағдайдан шаршады

Ұйымдастырушылардың өкілі Карина Домарацкаяның айтуынша, Bloomzed Stars Awards премиясы шеңберінде реалити-шоу түсірілімдері және қазақстандық әртістер туралы қызықты бағдарламалар тізбегі, концерттер мен жаңа шығармашылық жобалардың тұсаукесерлері өткізіледі.

“Дауыс берушілер өз кумирлерін қолдап қана қоймай, олармен бетпе бет кездесуге, сондай-ақ демеушілердің сыйлықтар ұтысына қатысуға мүмкіндік алады”, - дейді Домарацкая ханым.

Жобаны Мұрат Мұтұрғанов, Жәмилә Серкебаева, Малик Рузиев, Дмитрий Доронин, “Лампы Оркестра” тобы, Диана Снегина, Роман Альманский, Дмитрий Куцель сынды кино, телевизия, радио, интернет, шоу-бизнес жұлдыздары қолдады.

Номинант ретінде қатысуға өтініштер https://nominant.bsa.asia. сайтында қабылданады.

Дауыс беру 2021 жылдың 1 тамызында басталатынын естеріңізге саламыз