Kak oformit' bystro onlayn zaym cherez Kreditomat.kz

Bloomzed qosımşasınıñ kömegimen nesïeni qalay tez räsimdewge boladı

 

  
 

 

Біз бәріміз де ақша таусылып, еңбекақы алғанға дейін әлі жарты ай күту керек кездерді бастан өткердік. Bloomzed үшін бұл проблема емес: Сіз өзіңіздің электрондық әмияныңызды дәл бүгін-ақ біздің жаңа серіктесіміз Kreditomat.kz-пен бірге толтыра аласыз.

Ол үшін Bloomzed қосымшасын ашып, «Профиль» арқылы сәйкестендіруден өтіңіз (егер әлі өтпеген болсаңыз), осыдан кейін «Толтыру» бөліміне өтіңіз және «Несиеге толтыру» батырмасын басыңыз. Келесі терезеде қажетті несие сомасын және мерзімі неше күн екенін таңдайсыз.

Kreditomat.kz Сізге 5000 теңгеден бастап 138 000 теңгеге дейінгі мөлшерде шағын несие ұсынады. Өзіңізге қолайлы шарттарды таңдағаннан кейін, мақұлдау алу үшін өтінішіңізді жібересіз. Бірнеше минуттан кейін жауап аласыз! Егер оң шешім болса, несие сол сәтте онлайн рәсімделеді де, ақша электрондық әмияныңызға түседі.

Қосымша арқылы Сіз оны Bloomzed ұсынатын салықтан бастап ұялы телефон балансын толтыруға дейінгі 6000-нан астам қызмет түріне төлем енгізу үшін пайдалана аласыз.

Сонымен қатар, қаражатты кез келген қазақстандық банктің картасына аударуға мүмкіндігіңіз бар. Bloomzed – заманауи, тез, әрі ыңғайлы!

Bloomzed – это современно, быстро и удобно!


Bloomzed қосымшасының көмегімен несиені қалай тез рәсімдеуге болады:

1. Bloomzed қосымшасын ашып, «Толтыру» батырмасын басыңы

2. «Әмиянды толтыру» парақшасында «Несиеге толтыру» батырмасын таңдаңыз

3. Шағын несие шарттарын таңдау парағы ашылады. Қажетті шарттарды таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз

4. Жүйе шағын несиеге берген өтінішіңізді өңдегеннен кейін сізге онлайн несие шарттары туралы мәлімет жібереді. Егер осы шарттар көңіліңізден шықса, онда «Әрі қарай» батырмасын басыңыз

5. Келесі қадам, Сіз несиені растауыңыз қажет. Ол үшін СМС арқылы келген кодты енгізіңіз

6. Офертамен танысыңыз

7. Несие сіздің электрондық әмияныңызға әп-сәтте келіп түседі.

8. Несие бойынша төлем енгізу несие ұйымының шарттары бойынша олардың сайтында/қосымшасында жүргізілетініне назар аударыңыз Kreditomat.kz